«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДЫҚ ГАЗЕТ — ӨЗ АУЫЛЫҢНЫҢ АЙНАСЫ

— Мен «Мұғалжар» газетімен 18 жылдан бері біргемін. Апта сайын газеттің келуін күтіп жүремін. Келген газеттің әр бетін парақтап отырып, аудан тұрғындары үшін маңызды мәселелер мен қажетті тақырыптардың жарияланып тұратынына куә боламын. Аудандық газетте ауданның басты жаңалықтары, мәдени-әлеуметтік жағдайы мен рухани өмірі, елді мекендердің тұрмыс-тіршілігі, атқарылған жұмыстардың оң нәтижелері, өткеннің тарихын баяндайтын әңгімелер мен естеліктер үнемі жарияланып тұрады. Мемлекеттік атаулы мерекелерге орай арнайы бет арнап, жалпы аудан халқының көкейіндегі көнекөз тарихтарды сақтауға көп көмек көрсетіп келеді. Мен аудандық мәдени салада қызмет еткеннен кейін осы салада жасалған жұмыстарды газет бетіне жариялау үшін үнемі мақала жіберіп отырамын. Сонымен қатар еліміздің мақтаныштары ағайынды Құдайберген, Ахмет Жұбановтарға арналған мақалаларым, тарихи деректерге құрылған жинақтарымды газетке жиі жіберіп отырамын. Газет редакциясы мақаланың маңыздылығына мән артып, тұщымдылығын түсініп, газет бетіне басып отырады. Менің жазғандарым аудан тарихынан шағын ғана тәбәріктер. Аудан тұрғындары тарихымызды, өз жаңалығымызды біліп жүруі қажет деп ойлаймын.

«Елу жылда е л жаңа» дегендей, кейбір замандастарымыз да «газеттің рөлін интернет атқарады» деген шолақ түсінік қалыптасқан. Өмірдің, қоғамның шындығы — кітап, газет оқымағанның өресінің өспей, тіл құнарының тоқырап қалғанын байқап та, көріп те жүрміз. Газет оқудың ең бір құндылығы — туған ауылыңда, жеріңде, еліңде қандай жаңалықтың болып жатқанынан хабардар болып, өз ойыңмен сараптай алатыныңда деп түсінген дұрыс болар еді. Газеттің әлеуметтік желідегі парақшаларында да маңызды ақпараттар үздіксіз, әрі тез жарияланып тұрады. Бұл біз сенім білдірген газет редакциясы қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі деп білемін. Аудан халқы арасындағы алғашқы ақпарат хабаршысы «Мұғалжар» газетіне шығармашылық өрлеу тілеп, тұрақты оқырмандары сергек көңілмен сүйсініп оқыр жаңалықтары көп болсын дегім келеді.

Анархан САМИҒҰЛЛАҚЫЗЫ, Ембі қаласы

Ұқсас ақпараттар

Бағдат Мусин алдағы уақытта электронды цифрлық қолтаңба QR-мен алмастырылатынын мәлімдеді

admin_mugalzhar

Қазақстанда «оралман» сөзінің орнына ресми түрде «қандас» сөзі бекітілді

admin_mugalzhar

ҚОЖАСАЙҒА АУЫЗ СУ КІРЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.