«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰРҒЫНДАРҒА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов бастаған ақпараттық топ Қожасай, Шеңгелши ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындармен өткен кездесулерде ақпараттық топ мүшелері ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылып жатқанын жеткізіп, жобаға қатысып мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

Сонымен қатар тұрғындарға аудан көлемінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтылды. Кездесулерде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, толғандырған сауалдарына жауаптар берілді.

Ұқсас ақпараттар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Жаздың алғашқы айында Қазақстанның үш облысында құрғақшылық болады деп болжануда

admin_mugalzhar