«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МУЗЕЙДЕГІ МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ембі қаласындағы Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейінде «Күн шуағы нұр боп төгілсін» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.

Шара үй жағдайында күтіммен арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға арналды.
Мерекеге сай безендірілген музей залында өткен шараға арнайы Ембі қаласының әкімі Райымбек Мұсағали, «Олжа депо» мекемесі басшысының орынбасары Дәулет Жалмұхамбетов, қалалық мәдениет орталығының директоры Айбол Жидеханов, музей жанашыры Мұңсыз Алменова қатысты. Қонақтар балалар мен ата-аналарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, мерекелік сыйлықтар табыстады.
Шараны ұйымдастыруда көп жылдан бері ерекше балаларға қолдау көрсетіп, олардың қуанышын бөлісіп келе жатқан музей директоры Ұлболсын Мұхамбетова жылы лебізін білдіріп, әннен шашу шашты. Сонымен қатар музей ұжымы атынан балаларға сыйлықтар таратылды.
Шара соңында балалар арнайы ұйымдастырылған фотозонада кішкентай қозы және лақтармен естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Ұқсас ақпараттар

Елімізге гүл көбіне қай елдерден әкелінеді

admin_mugalzhar

«Ауыл» партиясының фракциясы Жаңа Конституция жобасын қолдады

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКТЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar