«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

386 ПЕДАГОГ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН АРТТЫРДЫ

Ауданда жалпы саны 1197 педагог жаңа жүйе бойынша аттестатциялаудан өтіп, біліктіктерін арттырған. Осыған сәйкес, мұғалімдердің еңбекақысы да көтеріліп, көрсеткіш аудан бойынша 62,7% пайызды құраған.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол осы жылы 386 педагогке біліктілік санатын беріп, сапалық көрсеткішті 80 пайызға дейін көтеру жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл көрсеткіш аудан бойынша педагогтердің 30 пайызын ғана құрайды екен.

2024 жылы біліктілік санаты жоқ 320 педагогті арнайы аттестациялаудан өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұғалімдер аттестациялаудан өткен жағдайда педагогтердің сапалық құрамы 83% пайызға дейін көтеріледі деген болжамымыз бар. Мұғалімдердің біліктілік сапасын көтеру арқылы оқушылардың да білім сапасын арттырамыз. Осы жылы 2022- 2023 оқу жылында аудан бойынша білім сапасы 57,8 пайызды құрады. 2024 жылы білім сапасын 60,2 пайызға, 2025 жылы 64,5 пайызға көтеру арқылы үш жылдық білім сапасының деңгейін 15% көтеруді жоспарлап отырмыз, — деді ол. Оның сөзінше, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағытында “Өрлеу” БАҰО және Педагогикалық шеберлік орталықтарымен бірлескен іс-шаралар жоспары құрылған. 2024 жылы 461 педагогтің, 2025 жылы 510 педагогтің біліктілігін арттыру көзделген.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ЖАҒАБҰЛАҚТА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

Қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметкерлердің бала-шағасы университетте тегін оқиды

admin_mugalzhar

ЕЛАМАН – САМБО КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.