«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АУДАНДА БОЛДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов, мемлекеттік мекеме, құқық қорғау орган, кәсіпорын басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Мұғалжар ауданындағы экологиялық ахуалға қатысты облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов баяндама жасады. Департамент басшысы аудандағы экономикалық ахуалды жақсарту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, жиналғандардың толғандырған сауалдарына жауап берді.

Аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов қауіпті өндірістік қалдықтардың белсенді емес полигонын жою жөніндегі жұмыс тобының атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.

Ұқсас ақпараттар

Нан қалдықтарына контейнер орнатылама?

admin_mugalzhar

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕСИЕСІ КЕШІРЕЛЕ МЕ?

admin_mugalzhar

Қазақстанда әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заң қабылданды

admin_mugalzhar