«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХАТИКОНЫҢ КҮЙІН КЕШІП КЕЛЕМІЗ

Таңғы сағат 8:20. Аялдамада мен және тағы 3 адам тұрмыз. 10 минут өтті, 20 минут өтті, жарты сағат өтті. Әйтеуір 40 минутқа жақындағанда №2 қалаішілік «газель» көлігі келді. Келгеннен не пайда, тасбақа құсап, вокзал аялдамасына дейін әрең жүріп барды. Содан кейін ғана жылдамдығын қосты. Ал мен тағы жұмысыма кешігіп келдім. Түскі уақытта әйтеуір бастығым ертерек жібереді. Оның себебі үйім алыс және үйімде емізулі балам бар. Түсте сағат 12.00 болмастан қапылып аялдамаға жетемін. Содан шыны керек, 13:00-ге дейін күтемін. Кейде одан да ұзақ уақыт тұратын уақыттар болады. Әрине кейде 3-4 адам болып такси тоқтатып, 100 теңгеден ала кетіңізші деп өтініш жасайтын кездерім де бар. Өйткені, мен үйге тезірек жетуім керек, отбасымды тамақтандырып, түскі асты жинап, қайтадан 14:00-де жұмыс орнымда болуым қажет.

Бәзбіреулер қазір «асықсаң, таксимен жүр» деп отыр-ау іштерінен… Бірақ күнде-күнде 400-500 теңгемен (оған бір күндегі барып-қайтуларды қоссаңыз, тіпті шарықтап кетері анық) жүру қалтаға соғатыны жасырын емес, оған шамам жете бермейді.

Шыны керек, күнде қалаішілік жолаушы тасымалдайтын көлікті күту шаршатып жіберді. Бұрын жолақысы 60 теңге болғанда көлік саны көп болған еді, ал қазір 100 теңгеге көтіргелі, керісінше, қызмет көрсету сапасы кемігендей ме, қалай өзі?.. Тым құрығанда №2 бағыттағы газельдің араларына жарты сағат салып жүрсе қайтеді екен?!.

Кешкілік үйге қайтарда оның өзі түгілі, ізін де таппай қаламыз, ерте тоқтап қала ма деген күдік бар. Тапқан-таянғанымыздың жартысын таксиге жұмсап жүріп жатқан жайымыз бар. Сол себепті, жеке емес, бұрынғыдай мемлекеттің қарауындағы қалаішілік жолаушылар тасымалдайтын автобустар шығарылса деген сұраныс бар. Мені көптеген қандыағаштықтың қолдары анық! Мейлі, бағасы 100 теңге болсын, тек уақытылы жүріп, жұмысымызға кешікпей, үйімізге асықпай жетсек болғаны…

Ж.САНАЕВА

 

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ 587 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

admin_mugalzhar

Ескі спорт алаңдарын жөндеу жұмыстары жанданады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.