«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ БЕРІЛДІ

Мұғалжар аудандық орталық ауруханасында Конституция күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудандық мәслихат төрағасы Бахытжан Кадралин қатысып, ұжым қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында Мұғалжар аудандық ауруханасына қарасты Қаракөл және Құмсай ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларына жаңа жедел жәрдем авто көліктері пайдалануға берілді.

Жаңа жедел жәрдем көліктерінің кілттерін аудан басшысы Қаракөл мен Құмсай ауылдарының медицина мекемелеріне табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Екі округке табысталған
медициналық көлік ауылдық округ тұрғындарының игілігі үшін қызмет көрсететін болады.

Ұқсас ақпараттар

Еңбек министрлігі елдегі орташа зейнетақы мөлшерін атады

admin_mugalzhar

2021 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАРУАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar