«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Кеше аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне арналған «Алтын заңда — күш қуатым, жалыным» атты мерекелік салтанатты шара өтті.

Мерекелік кеш «Мазмұны кемел, тынысы кең — Ко-нституция» әдеби-сазды композициясымен ашылды. Әрі қарай шара Е.Амангелдиевтің «Ата заң туралы» монологына жал-ғасып, қазақ хандығы туралы бейне-ролик көрсетіл-ді. Сондай-ақ, халықтық «Алтынзер» тобының бишілері «Батырлар» би композициясын билеп, патриоттық «Туған ел» әні орындалғаннан кейін залға ҚР Мемлекеттік Туы мен Конституция кітабы салтанатты түрде кіргізіліп, ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалды.


Шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жиналған қауымды Конституция күнімен құттықтап, мерекелік марапаттау рәсімімен жалғасты. Атап айтсақ, Мұғалжар ауданында атқарған елеулі еңбегі үшін, оның ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық қалыптасуына, рухани өмірі мен спорт саласының дамуына, аудандағы іс қағаздарға қазақ тілінің енгізілуіне атсалысқан еңбек ардагері Бауыржан Құрманалинге және Мұғалжар ауданында қазақ тілді балабақшалардың ашылуына, этнос өкілдері арасында қазақ тілінің насихатталуына, ұзақ жылдар бойы шәкірт дайындау ісіне қосқан үлесі және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін білім саласының ардагері Аймекен Досмурзаеваға «Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.


Сонымен қатар, еңбек ардагері Аруин Умаров, сот орындаушысы Альмира Доскулова, аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров, Қандыағаш көлік прокуратурасының іс жүргізу бойынша инспекторы Айгүл Алдабергенова, жеке нотариус Асқаржан Қарабалақов, аудандық сот әкім-шісінің жетекші маманы Аида Мусаева, Мұғалжар ауданы прокуратурасының аға прокуроры Асланбек Ибрашев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мұғалжар аудандық бөлімінің қызметкерлері Ақылжан Төлеужан мен Азат Исаев, Мұғалжар орталық аудандық ауруханасы персонал басқару бөлімшесінің басшысы Әсел Нысанкулова, Мұғалжар ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Әділет Идият, аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің тәжірибе инспекторы полиция капитаны Әділет Уайсов, заңгер, кәсіби медиатор Гүлзия Иманбаева және т.б. аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ВОРОВСТВУ НЕТ ОПРАВДАНИЯ

admin_mugalzhar

Бүгін – Алғыс айту күні

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА ТЕРМОЖАБЫНДЫ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.