«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘДІЛХАН «QAZAQSTAN ДАУЫСЫНА» ҚАТЫСУДА

26 жастағы құмсайлық Әділхан Убайдоллаев «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» байқауында бағын сынауда.

Аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Қазақстандағы ауқымды жобаның келесі кезеңіне өтіп, қазылар алқасын тәнтті етті. Бұл хабарды естіп, жерлесімізге дереу хабарластық.

Мен дәл қазір Маржан Арапбаеваның тобына өтіп, келесі кезеңге дайындалудамын, — деді ол.

Айта кетейік, Әділхан Жанабергенұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі. Музыка пәнінің мұғалімі мамандығын тәмамдаған ол өнерге деген талпынысымен Астана қаласындағы «Шабыт» университетіне театр әртісі бойынша оқуға түсіп, аяқтаған. Осыған дейін «Жұбановтар дауысы», «Жем самалы» сынды байқауларда бағын сынаған әншінің бұл ең алғашқы әрі ауқымды жобасы. Қазіргі таңда жерлесіміз «Astana musical» мемлекеттік театрының және бірнеше телеарналық көрсетілімнің музыкалық сүйемел тобының әншісі. 2013 жылдан бері қазақстандықтардың сүйіктіжобасынаайналған, мыңдағанталантқа жаңа дем беріп, жұлдызын жаққан «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» жобасының10 жылдық тарихында мұғалжарлық өнерпаздың қатысуымен келесі кезеңге өтуіде алғаш рет. Бұл жобада тек дауысқа ғана сүйеніп, бақ сынасады. Жүзден аса қатысушының ішінен қазақ эстарадасының жұлдыздары өз командасын жинайтын болады. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың өздерін көрмейақ оларға баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Айта кетейік, мұғалжарлық өнерпазбен газетіміздің келесі нөміріндегі «Жерлеспен жүздесу» айдарының аясында байқау жайында және әншілік өнер мен шығармашылық жолы туралы сұхбаттасатын боламыз.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

«МҰҒАЛЖАР» — ЕҢБЕК ЖОЛЫМНЫҢ БАСПАЛДАҒЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде 200-ден астам мемлекеттік қызметшінің орны бос тұр

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауына қандай ұйымнан қатысатынын айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.