«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АШЫҒЫН АЙТСАҚ АЩЫ, БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ ТАПШЫ…

Баласы ауырғанда атаана безек қағып шырылдап, сәбиін емханаға алып келеді. Бірақ қазір көптеген мемлекеттік емханада балалар дәрігері жоқтың қасы. Сондықтан жалпы тәжірибедегі дәрігерлер балаларды қарайды. Негізі, бір ғана педиатрия саласының 26 түрлі бағыты бар. Неонатолог, балалар хирургі, балалар инфекционисі, тағыбасқалар. Балаларды қабылдап жатқан отбасылық дәрігер көзін жаңадан ашқан шақалақты қарауға жүрексінеді. Өйткені жалпы медицинаны бітірген маман балалар ауруын білмейді. Ал педиатрлар күннен-күнге азайып барады.

Өткенде бір жерден оқығаным бойынша, балалар арасындағы өлім саны азайғанымен, созылмалы аурулар саны артқан. Қандай пайда? Егер дұрыс ем жүргізбесе, ауруыасқынған баланың өлмесіне кім кепіл? Бұл біріншіден, ересектерді емдеп үйренген дәрігерлердің балаға нақты диагноз қойып, дұрыс емдей алмауынан болып отыр. Екіншіден, білімді, біліктіпедиатрларжалақысы жоғары жекеменшік клиникаларға кеткен. Үшіншіден, бұрынғы тәжірибелі педиатрлардың жасы келіп, ұрпақ сабақтастығы үзілді. Мысалы, кішкентай бала жылағанда қай жері ауырғанын тап басып табу қиын. Иә, айтатын тілі де жоқ. Емханаларға барсаң, отбасылық дәрігерге көрінуге үлкен де, кіші де келеді.

Әрине, маман тапшылығы мәселесін шешу үшін уақыт керек. Соңғы кездері жастардың балалармен жұмыс істегісі келмегендіктен, педиатр мамандығын таңдамайтынын да байқадық.

Әлеуметтік желінің пайдасы көп екеніне көзім жетті. Сол себепті осы хатты жолдауға шешім қабылдадым. Шағым айтып барсақ, бұндай дәрежеде шешімін таба алмай жатамыз. Ал егер жазып, шығаратын болсақ, жауапты органдар кері байланыс жасап отыратын болды.

Жақында 2 жасар балам ауырып, ауруханаға бардым. Баламды қаратайын десем, бірінші фильтр бөлімі қарап, ем-дом тағайындады. Жөтелі кеткендей болып еді, қайталап тағы ауырдық. Артынша бір апта өтпей тағы ауруханаға баруға тура келді. Бізді учаскелік дәрігер қабылдауына жіберді. Ол да тексеріс жүргізгеннен кейін ем-дом тағайындады. Жөтелі әлі толық кетер емес. Бұл жердеайтпағым, баланықарайтынарнайыбалалардәрігеріменкездеспедім. Балалар дәрігеріжетіспейдіме, әлде басқасебепбарма, негебалаларды балалар дәрігері, педиатр мамандары қарамайды? Мамандаржетіспесе неге тапшылықтың орнын толықтыру үшін жұмыстанбайды? Балалар мен ересектерге тағайындалатын дозадан қателесу арқылы ем дұрыс қабылданбайжатады. Ондайжағдаймен қатарлас келіншектер айтып, шағымданып жүрді. Қазір неге ақылы қызметке апармайсың дейтін шығарсыздар. Ендеше, саланы сапалы мамандармен толықтырудың басты амалы – бала денсаулығын тәжірибе жасайтын алаңға айналдырмай, 10 жылдық олқылықты уақыт өткізбей, қалпына келтіру. Осы мәселе бойынша қандай да бір жұмыстар атқарылып жатыр ма екен? Осы хатым жоғарығажетіп, жауабымды алсам деймін.

Ая АСҚАРОВА, Қандыағаш қаласы

Ұқсас ақпараттар

ГАНДБОЛ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

admin_mugalzhar

Премьер-министр Әлихан Смайылов азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әкімдерге ескерту жасады

admin_mugalzhar

КЕН ОРНЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.