«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҒАШ ТАМЫРЫМЕН, АДАМ ҰРПАҒЫМЕН МЫҚТЫ

Осы тақырыппен бүгін Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінде әкелер мен ер балалар жиналысы өтті.
Баланың бойындағы ер мінезділік, өжеттілік, мәрттік қасиеттерді әке арқылы қалыптастыру, әке мен бала арасында тығыз байланыс орнатуға бағыт беру, әкенің рөлі ерекше екенін ұғындыру және балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуды мақсат еткен шара кең көлемде ұйымдастырылды. Мектеп ауласына киіз үй құрылып, келушілерді ұлт-аспаптар оркестрі күмбірлеген күймен қарсы алды.
Жиынға балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Қарасай Омаров, Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Шамшат Әбдірзақов, ауған соғысының ардагерлері Роман Тасқымбаев пен Жайық Досмағұлов, полиция майоры Мұратбек Дүйсенбаев және әкелер мен мектеп оқушылары қатысты.
Келген жиын қонақтары ер балаларға ақыл-кеңестер айтып, әкенің отбасындағы рөліне тоқталып өтті. Сондай-ақ мектеп оқушылары тарапынан сұрақтар қойылып, сол сұрақ төнірігінде әңгімелер өрбіді.
Әкелер мен балалалар жиналысы әрі қарай «Ұлттық ойын — халық мұрасы» атты ұлттық ойын түрлерінен жарысқа ұласты. Әкелер мен ер балалар арасында гір көтеру, қол күрес, арқан тартыс секілді ойындар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Үкімет міндетті вакцина алуы тиіс сала өкілдерін атады

admin_mugalzhar

Қазақстанда COVID-19 және пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ — БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.