«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов қаладағы коммуналдық саланың қалыпты жұмыс жасауына үлес қосып жүрген жұмысшыларды қабылдады.
Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған бұл марапат рәсімі аудандық әкімдікте өтті.
Қабылдауда қала әкімі “Коммуналшы” мекемесінің жылу жүйесі саласының басшысы Зиен Мағзомға және аралаушы слесарьлар — Руслан Искаков, Мейірбек Қартжанов, Ислам Дәуренбековке өз ризашылығын жеткізіп, елеулі еңбектері үшін алғыс айтты.
Ал “Коммуналшы” мекемесі жылу жүйесінің шебері Жандос Нұрдаулетов пен аралаушы слесарьлар Саламат Әмірхан және Мерхан Қырымды Алғыс хатпен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

АТАМНЫҢ САҒЫМ ТАРТҚАН КӨРІНІСІН САҒЫНДЫМ

admin_mugalzhar

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРКІНДІК АЛҒАН КҮНІ

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров келіссөз жүргізді

admin_mugalzhar