«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ҚАДАМ

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетовтың төрағалығымен адам саудасының алдын алуға және өңірдегі еңбекті пайдалану құрбандарын анықтауға бағытталған жобаны халық арасында түсіндіру бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Асқар Иманов, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бас маманы Кенжегүл Молдабаева, «Малика» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әдемау Сопбекова, аудан прокуратурасының аға прокуроры Мадина Жалдыбекова және полиция бөлімінің қызметкерлері, шаруа қожалықтарының иелері қатысты.

Жиналыс барысында адам саудасына қарсы іс-қимыл және сақтық қағидаларымен танысу арқылы адам саудасын төмендетуге ықпал ету мәселелері қаралып, нақты ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Бірлескен мәлімдеме қабылдады

admin_mugalzhar

Бес ауданда егіс егу жұмыстары ерте басталады

admin_mugalzhar

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.