«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РАНТ МҮШЕСІ СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

«Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Парасат» ақпараттық-кеңес беру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен (РАНТ) Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Қызылорда облыстық «Сыр дидары» газетінің редакторы, этнограф Сәкен Алдашбаев Мұғалжар ауданындағы діни тұрақтылықпен ынтымақтастықты нығайту мақсатында арнайы іссапармен келді.

Үш күндік іссапар барысында РАНТ мүшесі Сәкен Алдашбаев Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде, Мұғалжар гуманитарлық-техникалық колледжінде, Ембі қызмет көрсету саласы бойынша колледжінде студенттермен, Қандыағаш, Ембі қалалық орта мектептерінде, Жем қалалық №5 орта мектебінде, Мұғалжар, Құмжарған, Жаңажол орта мектептерінде оқушылармен және ата-аналармен кездесулер өткізуде.

Кездесулер барысында РАНТ мүшесі Сәкен Алдашбаев қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарына қатысты тақырыптарда кең көлемде мәліметтер беріп, теріс ағымдардың зардаптарында айтып өтті.

Сондай-ақ кездесулерде жастардың діни сауаттылығын арттыру, үлкенді құрметтеу, тұрақтылықты нығайту мәселелері сөз болды.
Кездесулерге студенттер мен оқушылар көптеген мәліметтерге қанығып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

«Фишингтің жаңа толқыны — Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа декларация үлгісі енгізіледі: не өзгереді?

admin_mugalzhar

ҚҰМЖАРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.