Қыр астында қылышын сүйретіп қоянның қысы келеді. Бұрын үлкендер қоян жылының қысы қатты болатынын айтып, ертерек қам қылатын. Ал аудан шаруалары қытымыр қысқа дайын ба? Жем-шөп жеткілікті орылды ма? Бұл сұрақты аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мамандарына қойдық.
Ауылшаруашылығы маман-дарының берген мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша биылғы қысқа мал азығын дайындау үшін жалпы көлемі 301,0 мың тонна шөп шабу жоспарланған. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты шөптің тасылуы белгіленген жоспарға жете алмаған.
— Биылғы жаз аудан шаруа-лары үшін жайлы болмады. Жалпы көлемі 297,8 мың тон-на шөп жиналды. Оның 47,1 пайызы, яғни 140,4 мың тон-насы аудан тұрғындарына тасылды. Аудан бойынша орташа есеппен 2 873 үйдің ауласына шабылған шөп түсірілді. Ал қыстақтар мен жұртшылықты толығымен мал азығымен қамтамасыз ету жұмыстары әлі де жал-ғасуда, — деді аудандық кәсіп-керлік және ауылшаруашы-лық бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағамбетов.
Ал картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау бойынша осы күзде 5 434,0 мың тонна картоп, 3 956,9 мың тонна көкөніс, 396,6 мың тонна бақша өнімдері жинал-ған. Оның ішінде тұрғындар өздері егіп, өнім алған көкө-ністің көлемі — 3 535,3 мың тон-на, бақша өнімдері — 25,7 мың тонна.