«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қандыағаш қаласының «Жастық» мөлтек ауданы №1 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Аталған үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарын «ИКАС» ЖШС-і жүргізуде. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары аясында мердігер мекеме аумақтарды тегістеу және тазалау, абаттандыру, жолдарды, автотұрақтармен тротуарларды асфальтпен жабу, балалар ойын алаңдарын орналастыру жұмыстарын жүргізетін болады.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс басшысы мердігер мекеме басшылығына құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, белгіленген уақытта аяқтауды ескертті.

Сондай-ақ облыс әкімі келесі жылы да Қандыағаш қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға қолдау көрсетедігін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Конституциялық реформа — уақыт талабы

admin_mugalzhar

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАРЫҒЫ

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз»

admin_mugalzhar