«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАРҚЫН ЖЫЛДАР, ШУАҚТЫ ШАҚТАР

Мен 1978 жылы Қазақ мемлекеттік С.М.Киров атындағы университетінің филология факультетін бітіріп, орта мектептерде жұмыс істедім. 2004 жылы қыркүйек айында Қандыағаш қаласына көшіп келдім. Мектептерде оқу басталып кеткен, орын жоқ. Аудандық газетке тілші керек дегенді естіп, «Мұғалжар» газетінің редакциясына жолықтым. Мені редактор Қуаныш Кенжеғалиев қабылдап, құжаттарымды көрді. Маған қазақ тіліне байланысты мақала жазып келуімді тапсырды. Ертеңіне қолжазбамды көріп, жұмысқа қабылдады. Сонымен менің журналистік өмірім басталды. Қуаныш Кенжеғалиевтің өзі де ашық-жарқын, өз ортасын өзіне қарай үйіріп тартып, үлкенге әңгіме, кішіге қолпаштау айта алатын азамат болды. «Мұғалжар» газетіне келген көптеген тілшілердің қалыптасуына, сөз әлемінде қанат жаюына ықпал еткен қамқор басшы болды.

Көптеген ауданның азаматтарымен: Ж.Құрмашев, А.Шунимов, Ж. Баймұханов, А.Шотов, т.б. азаматтармен жұмыстас болдық. Газет қызметкерлері – М.Кемер, Р.Сүйіншалина, І.Тағановалармен қоян-қолтық жұмыс жасап, типография өзімізде болғанда түні бойы газет шығардық. Аудан бойынша жиі іссапарда жүрдік, бір-бірімізге қонаққа баратынбыз. Мұндай кезде Қуаныш ағамыз үнемі өлең шығарып отыратын. Бұл кезең мен үшін жарқын жылдар, шуақты шақтар еді.

Құрал БАЙСҰЛТАНҰЛЫ, ардагер, Қандыағаш қаласы.

Ұқсас ақпараттар

Министерство по чрезвычайным ситуациям создано в Казахстане

admin_mugalzhar

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЕМІ — ЕКПЕ

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ ЖОЛ ЖАҢАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.