«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан мектептерінде 16 наурыз — 5 сәуір аралығында каникул болады

Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз — 5 сәуір аралығы — каникул, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ДДСҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізілмейді. Сауда орындарында, вокзалдарда санитарлық талаптар күшейеді. Орта білім беру мектептерінде 16 наурыз — 5 сәуір аралығы каникул», — деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады.

«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. «Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік», — делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Ұқсас ақпараттар

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 109,7 мың адам қатысты

admin_mugalzhar

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында карантинге жатқызылған ер адам қашып кеткен

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.