«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАНДОС — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Латвия мемлекетінің Даугавпилс қаласында “COMBAT JUI JITSU» спорт түрінен әлем біріншілігі өтуде. Оған дүние жүзінің 500-ден аса спортшысы қатысуда. Аталмыш додаға ел намысын қорғауға барған спортшылар арасында жерлесіміз, мұғалжарлық Жандос Қалабай да бар.
93 келі салмақ нәтижесінде үндістандық, қырғыз және украин қарсыластарымен төрт кездесу өткізген ол айқын жеңіспен жеңіп, қанжығаға алтын салды.
Жеңісін қазақ еліне сыйлайтынын айтқан чемпион бапкерлері Әли Алтыбай мен Эдуарт Саламатқа ерекше алғысын жеткізді.
Еске сала кетейік, Жандос Қалабай бұған дейін Азия чемпионы атанып, дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындаған еді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА ІСТІ ҚОЛҒА АЛҒАН МАРИНА

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау керек

admin_mugalzhar

Ұлттың болашағы – кісілік

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.