«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Мұғалжар ауылында мектеп түлектерінің және ауылдың жанашыр азаматтарының демеушілік көмегімен күрес клубы толық жабдықталды. Бұрыңғы көне мектеп, кейін мешіт ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күрес клубы ретінде пайдалануға берілді.

Жөндеуден өткен спорт ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Бос уақытын тиімді ұйымдастырып, саламатты өмір салтын ұстанамын деген ауыл жастары үшін пайдалануға берілген спорт ғимаратының алатын орны ерекше.

Мұғалжар – ауызбіршілікке ұйыған, қазыналы қарты, жалынды жасы бар, өздері қалыптастырған жақсы іске жұрт болып жұмыла кетуді сабақтасқан салтқа айналдырған ауыл. Осы игі іске атсалысқан ауыл азаматтары аудан және ауыл әкімдерінің Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Аудандық ауруханаға дауыс беруге арналған жәшік жеткізілді

admin_mugalzhar

Ақтөбеде жайлы мектеп жұмысын бастады

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайын тексеріп, қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

admin_mugalzhar