«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

Биылғы 19 қазандағы №379 Жарлық бойынша Мұғалжар ауданынан жеті ана «Күміс алқа» иегері атанды. Алқаларын аналарға кеше аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқанов табыстады.

Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары көпбалалы аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Сіздер де отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер, — деген Сансызбай Мұқанов қандыағаштық Дана Досова, Гүлмира Даулетиярова, Гүлжанат Макаева, Вероника Петрова, Алия Бижанова, сондай-ақ Ембі қаласынан Жазира Айымбетова мен Дариға Аманбаеваға төсбелгілері мен гүл шоқтарын табыстады.

Еске салайық, «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңына сәйкес «Күміс алқа» төсбелгісі алты баланы дүниеге әкеліп, алтыншы бала бір жасқа толған соң және басқа балалар тірі болған жағдайда беріледі. Ал жеті және одан көп баласы бар аналар соңғы бала бір жасқа толғаннан кейін «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталады.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar

2025 жылы нормативке сай жолдардың үлесі 100 пайызға дейін жеткізіледі

admin_mugalzhar

В семи регионах Казахстана продлили время работы ЦОНов

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.