«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СЕССИЯ: САЛЫҚ ТҮСІМІ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясының жалпы отырысы өтті.

Мәслихат төрағасы Бахытжан Кадралиннің төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов және мәслихат депутаттары, қалалық және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.Сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №285 «2022-2023 жылдарға арналған қалалық және ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу», аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы «Мұғалжар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын және мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Сонымен бірге Қандыағаш, Ембі, Жем қалаларының және барлық ауылдық округтердің әкімдері депутаттарға бюджеттің орындалуы мен жалпы салықтың түсімі туралы есеп берді. Депутаттардың тарапынан Ембі қаласына саябақ салу бойынша депутаттық сауал жолданды. Ембі қаласының әкімі Райымбек Мұсағали бұрын саябақ болған кезінде жер жекеге өтіп кеткенін, дегенмен оны қайтып алу бойынша жұмыстанып жатқанын жеткізді. Сонымен бірге ол Бауыржан Момышұлы көшесінің бойынан қала тұрғындары үшін аллея салуға ұсыныс жасады. Сессия соңында қаралған мәселелер бойынша шешімдер шығарылды.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ҚОЖАСАЙҒА СУ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА

admin_mugalzhar

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.