«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Ембіде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері және оның алдын алу» атты кітапхана қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өтті.

Кітапханада өткен шараға Ембі қалалық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Б.Таждеков,  Ембі қалалық полиция бөлімшесінің ювеналдық тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А. Әділбаева, Ембі қаласы әкімдігінің бөлімше басшысы Ж.Байсейтова, аудан жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, кәсіби медиатор Н.Тәжіғарина, Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, қоғамдық медиатор Д.Бекжанова қатысты.

Аталған шараның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу. Отбасы салтының құндылықтарын дәріптеу.

Дөңгелек үстел барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жан-жақты мәлімет берілді. Шараға қатысқан мамандар зорлық-зомбылыққа тап болған жандарға қандай көмектер көрсетілетіні жөнінде айтып, қайда хабарласу керек екендігі жайында ақпарат беріп, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

admin_mugalzhar

ЕЛАМАН — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.