«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қандыағашта өңір басшысы Асхат Шахаров екі өнеркәсіп кәсіпорнының өндірістік әлеуетімен танысты

Облыс әкімі «АқтөбеМұнайМашКомплект» ЖШС мен «QAZEXPOCENTRE-PIPE» ЖШС өндірістік алаңдарын аралап, кәсіпорындардың қазіргі қызметі, технологиялық үдерістері және даму перспективалары туралы ақпарат алды.

«АқтөбеМұнайМашКомплект» ЖШС мұнай-газ және механикалық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен, сондай-ақ құбырлар мен резервуарларды дайындау және қызмет көрсетумен айналысады. Кәсіпорында 474 адам еңбек етеді. Орташа жалақы көлемі 300–350 мың теңге.

«QAZEXPOCENTRE-PIPE» ЖШС-де құбыр өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі — 5,0 млрд теңге. Жоба аясында 20 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндірісті іске қосу осы жылдың мамыр айына белгіленген. Қазіргі уақытта жобаны арнайы экономикалық аймақ құрамына енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы Қандыағаш қаласының өнеркәсіп секторын дамыту, өндірістік қуаттарды кеңейту және өңірге инвестиция тарту мәселесінің маңызын атап өтті.

«Қандыағаштың өнеркәсіп секторын дамыту өңір үшін аса маңызды. Кәсіпорындар тұрақты жұмысын көрсетіп, алдағы уақытта өсу әлеуетіне ие екенін дәлелдеп отыр. «АқтөбеМұнайМашКомплект» ЖШС мен «QAZEXPOCENTRE-PIPE» ЖШС маңызды өндірістік және инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын ашуда және облыс экономикасына үлес қосуда. Жаңа жобаларды арнайы экономикалық аймаққа енгізу мәселесі қаралады. Бұл облыстың инвестициялық тартымдылығын арттырып, өндіріс көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді»,
– деді Асхат Шахаров.

Ұқсас ақпараттар

Мұғалімдерге «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалады

admin_mugalzhar

ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

admin_mugalzhar

2025-2026 оқу жылына арналған оқулықтар сараптамадан өтті

admin_mugalzhar