«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰРЫНДЫҚ АНСАМБЛЬ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Жуырда Қандыағаш қаласында «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық «Дала Сазы» байқауы өтті.

Байқауға Жұрын ауылындағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектептен «Домбыра — дастан»  ансамблі қатысып, өзінің өнерін ортаға салды. Байқау қорытындысында жұрындық ансамбль екінші орынға ие болып, Алматы, Ташкент және Баку қалаларына жолдама алды. Алдағы уақытта ансамбль осы қалалардың біріне барып өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, «Домбыра-дастан» ансамблі 2020 жылы аудан орталығындағы А.Жұбанов атындағы саз мектебінің жанынан құрылған. Қазірде құрамда 10-13 жас аралығындағы 19 бала бар. Бұған дейін де өнерлі балалар елдің түкпір-түкпіріндегі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Ә.Өміртаев

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

admin_mugalzhar

64 ақтөбелік қаруды өз еркімен тапсырды

admin_mugalzhar

2025 жылы қазақстандықтарға шамамен 300 млрд теңге бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.