«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕРЛЕС МИРЖАН – ФИНАЛДА

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНДА ӘР ЖЕКСЕНБІ КӨРЕРМЕННІҢ ЖҮРЕГІНЕН ЖОЛ ТАПҚАН «QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» — ӘЛЕМНІҢ 100 ЕЛІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ӘЙГІЛІ «THE VOICE» ТЕЛЕШОУЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НҰСҚАСЫ.

Осы жобаның кезекті ашылу маусымында мұғалжарлық өнерпаздар болғанын жариялап сүйіншілеген едік. Сол қатысушылар арасында мыңнан жүйрік болып, сыннан сүрінбей өтіп, тікелей эфирге жолдама алған жерлесіміз Миржан Жидебай көрерменнің дауыс беруі арқылы келесі кезеңге де жолдама алды.

Жобаның басты ерекшелігі — қатысушылар вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалады. Ал Миржанды көпшілік ең жас қатысушы болса да, ең мықты вокалистер қатарынан көреді. Алдағы кезеңдер де көрермендердің дауыс беруі арқылы жалғасады. Еске сала кетейік, Миржан Жидебай осы кезге дейін «Көрмей таңдау», «Жекпе-жек» және «Жарға жығу» кезеңінен өткен еді. Газетіміздің келесі нөмірінде үлкен сахнада өнер көрсетуге таласы бар жерлес әншімен сұхбатымызды оқи аласыздар.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА АЛТЫ МЕКТЕП САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

admin_mugalzhar

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ: АЩЫСАЙҒА ГАЗ КЕЛДІ

admin_mugalzhar