«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда «Сергек» тағы қандай заңбұзушылықтарды тіркейді?

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті «Сергек» камераларына тағы қандай заңбұзушылықтар тіркелетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Алматы мен Астанада құқық бұзушылықтың жаңа түрлері бойынша пилоттық жоба қазірдің өзінде іске қосылған.

«Біз қазірдің өзінде пилоттық жобаны қолданып жатырмыз. Пилоттық режимде кейбір қалаларында, Алматы мен Астанада осындай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Пилоттық жобаны аяқтағаннан кейін бұл мәселені шешуге тырысамыз. Соның ішінде ұялы телефон, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану. Біз мұндай заңбұзушылықтарды алдағы уақытта «Сергек» арқылы анықтаймыз», — деді Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде.

Ұқсас ақпараттар

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ

admin_mugalzhar

Оқушылар қысқы каникулда 10 күн демалады

admin_mugalzhar

Қазақстанда әрбір баланың Ұлттық қордан ақша аударатын есепшоты болады

admin_mugalzhar