«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен өткен жиында қызылша ауруына қатысты аудандағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және жұқпалы аурудың таралуына қарсы күрес мәселелері қаралды.

Отырыста аудандық аурухананың бас дәрігері Сәбит Кеулімжаев, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов баяндама жасады.

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Бүгінгі таңда қызылшаға қарсы вакцинация жүргізу үшін аудандық ауруханаларда вакцинаның жеткілікті қоры бар. Сондықтан мамандар барша тұрғындарды балалардың денсаулығын қатерге тікпей уақтылы вакцина қабылдауға шақырады. Жиын қорытындысында аудан әкімі уәкілетті органдарға санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды әсіресе балабақшалар мен мектептерде ата-аналарға толық түсіндіру мен ұйымдастыру жұмыстарын күшейтуді, тұрғындар арасында екпе алудың қажеттілігі мен тиімділігін ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, тиісті жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ аудан аумағында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар 27 елге тікелей ұша алады

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ АЙНАЛМА ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА 74 МЛН-НАН АСТАМ ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.