«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

ӘНЕ-МІНЕ ДЕГЕНШЕ 2023 ЖЫЛ ДА АЯҚТАЛЫП ҚАЛДЫ. СІЗ ҚОЛЫҢЫЗҒА АЛҒАН БҮГІНГІ ГАЗЕТ — «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ОСЫ ЖЫЛДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ҺӘМ МЕРЕКЕЛІК НӨМІРІ. ГАЗЕТ ҰЖЫМЫ ЖЫЛ БОЙЫ БАСЫЛЫМ БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ, БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ, МАҚАЛАЛАР ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА АТСАЛЫСҚАН ӘР САЛА МАМАНДАРЫ МЕН ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ АРАСЫНДА «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІН» АНЫҚТАДЫ. ТАҢДАУ ЖАСАУДА ӨЗ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ(У. СОНЫМЕН РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫ ЖӘНЕ ИНСТА ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҮЗДІК АТАҒАНДАРМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР.

«ЖЫЛ КЕЙІПКЕРІ» аталымы

Наурызбек САҒЫНДЫҚ – «Жыл адамы — 2022» аталымының иегері. Ол суға кетіп бара жатқан адамды құтқарып, ерлік жасады. Бүгінгідей бейбіт заманда қолына найза ұстап, ерлік көрсетпесе де, жүрегіне батырлық түйіп, өз басын қатерге тігіп, адам жанына араша болып жүрген жандардың жанымызда жүргені көңілге қуаныш сыйлайды. Бүгінгінің батыры атанған Наурызбек Ащысай ауылдық округіне қарасты Сабындыкөл ауылында тұрады. Қарапайым ғана отбасында дүниеге келген ол үш қыздың арасында өскен жалғыз ұл. «Адамдардың қиындыққа тап болғанына жай ғана қарап тұру «ер азамат» деген атаққа — сын. Менің орнымда басқа адам болса да солай жасар еді», — дейді ол. Бұл оқиға өткен жылы қазан айының 27-сі күні кешкілік орын алған. Ауыл кеші күйбең тірлікке толы болатыны сөзсіз. Өрістен қайтқан малды жайлау, шөп-жемін салу, қора-қопсыны даярлау ауыл тұрғындарының күнделікті тірлігі.

Мен де өз шаруаларымды жайғап, қора жақта жүрген едім. Көршім келіп, ауыл маңындағы «Сабындыкөл» көлінің маңайынан бір адамның көмек сұрап айқайлаған дауысын естігенін айтты. Дереу көлігіме отырып, көл жаққа қарай беттедім. Расымен бір адамның көлдің ағысымен ағып, батып бара жатқанын көрдім. Шыны керек, ол кезде ойланып тұруға да уақыт болмады. Ойымда тек қана адамды құтқарып қалу болып, салқын суға секіріп кеттім. Көл ортасында сол адамның қайығы тұр екен. Алдымен қайыққа жүзіп барып, кейін адамды сол қайыққа жартылай мінгізіп, жағаға алып шығып, қолымнан келгенді жасадым. Сөйтсем, ол кісі біздің ауылға Ембі қаласынан балық аулауға келген екен, – деді Наурызбек батыр.

Ұқсас ақпараттар

1,7 млн астам адам Ердоғанның Ыстанбұлдағы сайлауалды митингіне қатысты

admin_mugalzhar

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — АРДЫҢ ІСІ…

admin_mugalzhar

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.