«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Илья Мизерных жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы болды

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.

Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты. Екінші орында австриялық Никки Хамл, үшіншші сатыда польшалық Лукас Лукащук. Қазақстан бұған дейін қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль алмаған еді.

«Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын!»,— деді Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін жерлестеріміз 3 Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.

Ұқсас ақпараттар

«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді

admin_mugalzhar

Елді мекендерді цифрландыру: Президент Үкімет жұмысының басым бағытын айқындады

admin_mugalzhar

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ — БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.