«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАР КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ-нің 10-сынып оқушылары бірқатар қандыағаштық кәсіпкерлермен кездесті.

«Табысты тұлғалар» тақырыбындағы кешті сынып жетекшілері — С.Карибеков, Р.Сариева, К.Құрмашева және А.Сафина ұйымдастырды. Шара — жас жеткіншектердің жетістікке жеткен табысты жандардан үлгі-өнеге мен болашақ мамандықтарына бағыт-бағдар алуына, жетістікке жету жолдарын меңгеруіне көмектесу мақсатында өтті. Кездесуге келген кәсіпкерлердің қатарында «Мөлдір» әсемдік салонының иесі Гүлсара Кенжебаева, “SDS Engineering” ЖШС-нің директоры, жобалық-сметалық құжаттар және дизайн-студиясының иесі Аян Калимжан, жеке нотариус, заңгер Асқаржан Карабалаков болды.
Аталмыш шара әңгімелесу форматында өтіп, кеш қонақтары жетістікке жетудің сырларымен бөлісіп, білім алушыларға ақыл-кеңестерін берді.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛІМІЗДЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ 2,3 МЛН АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

admin_mugalzhar

Минус 28℃-қа дейін аяз, қатты жауын-шашын: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.