«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУРУ – АСТАН

Соңғы күндері ауданда астан улану деректері тіркелген. Осыған орай, ауданның санитариялық мамандары аудан тұрғындарының назарына қыс мезгіліне үй жағдайында дайындалған тағамдарды аса сақтықпен пайдалану, жарамдылық мерзімін қарау қажеттігін айтып, дабыл қағуда.

Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанов кәсіпкерлік субъектілер мен тұрғындарға тағамнан уланудың алдын алу, қолданыстағысанитариялық ережелерді түсіндіру бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.

Тамақтан улану көп жағдайда көктемгі-жазғы маусымайларында көптеп орын алады. Дегенмен қысқы кезеңге үй жағдайында дайындалған, саңырауқұлақ, қияр, қызанақ, кәді секілді көкөністерден дайындалған консервідегі тағамдарды пайдаланғанда абай болғаны жөн. Сапасыз консервіленген, ауа кірмейтін, герметикалық жабық банкадағы көкөністерде ауру қоздырғыштары өте көп болады. Бұндай тағамдар қоздырғыштардың өмір сүруі үшін қолайлы. Түсі, иісі, және дәмі болмайтын бұл микробтар жылан уынан 250 күшті токсиндерді бөледі, — деді ол.

Оның сөзінше бұл токсиндер ағзаға енгенжағдайдадені сауағзада ауыр «Ботулизм» ауруы туындап, асқынуынан өлімге әкелуі мүмкін. Мамандар консервінің қақпағы сәл көтеріліп, өнімнің сапасына қандайда бір күдік туындаса, өнімді қолданудан бас тарту қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, көшелерден және базардан үй жағдайында дайындалған консервілерді, сондай-ақ үйде дайындалған ет және балық өнімдерін сатып алудансақтану қажеттігін тілге тиек етті.

Соңғы уақытта көптеген адамдар әлеуметтік желілер арқылы үй жағдайында дайындалған тағам өнімдеріне (торттар, тоқаштар, суши, чебуректер, салаттар, нан өнімдері және т.б.) тапсырыс беруді әдетке айналдырған, себебі бұл ыңғайлы және кафе немесе мейрамханаларға тапсырыс бергеннен әлдеқайда арзан. Әлеуметтік желілерден тағам тапсырыс бермес бұрын тағамның қайда, қалай және кіммен дайындалатынын ойланыңыз. Тағам өнімдері лас, дайындауға қажетті қарапайым жағдайы жоқ үйжайларда және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағам өнімдерінен дайындалуы, шикі және дайын тағам өнімдеріне бір ыдыс қолданылуы мүмкін. Ал тағамдайындайтын адам Сізге және сіздің балаларыңыздың денсаулығына қауіп келтіретін инфекциялы қ аурумен ауыратын немесе бактерия тасымалдаушы болуы да ықтимал, — деді Радина Иржанова.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ӨНЕРГЕ ЖАҚЫН МҰНАЙШЫ

admin_mugalzhar

ЖҮН ДЕ ТҮТІП, КІРПІШ ТЕ ШЫҒАРҒАН ОТБАСЫ

admin_mugalzhar

В Кандыагаше появилось инватакси

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.