«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Ембі қалалық мәдени орталығының ұйымдастыруымен осы орталықта ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеген, өнерлерімен тыңдарман жүрегінен орын алған Нұрлан Сартаев және Торғантай Есқожинге арналған “Екі ғұмыр — бір өнер” атты еске алу кеші өтті. Кешке Нұрлан Бақтыбайұлы мен Торғантай Дүйсенұлының отбасы, бауырлары, ағайын-тумалары және әріптестері мен шәкірттері қатысты. Кеш барысында өмірден өткен өнер иелері туралы естеліктер айтылып, шәкірттері ұстаздары шырқаған әндерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар өз заманында орындаған әндерінен үзінді видеолар көрсетілді.
Кеш соңында өнерпаздар Атамекен әнін орындап, еске алу кешін тәмамдады.
Одан әрі өнерде жүрген аға-інілері ас беріп, марқұмдарға құран бағыштады.

Ұқсас ақпараттар

«МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРЫМ» ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ

admin_mugalzhar

ҚОЖАСАЙДА МЕДПУНКТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

admin_mugalzhar

Абай облысында ұлттық спорт түрлерінен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Республикалық турнир өтті

admin_mugalzhar