«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС БОКСШЫЛАР ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

5-10 ақпан күндері Ақтөбе қаласында 2010-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысының чемпионаты өтті.

Осы чемпионатқа қатысқан Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 5 облыс чемпионы, 6 жүлделі орындарды иеленді.

33 келі салмақта Арсен Асанжолұлы, 43 келіде Айдын Утегенов, 58 келіде Исмаил Нургалиев, 64 келіде Алихан Картбай және 67 келі салмақта Дінмұхаммед Рахимов облыс чемпионы атанды.
37 келіде Уәли Алламберген, 52 келіде Шыңғыс Панабек, Дінмұхаммед Әбдіғаппар ІІ орынды иеленді. 35 келі салмақта Мәди Аманхан, 46 келіде Мерлан Әлімжан, 70 келіден жоғары салмақта Бақдәулет Хайрулла ІІІ орынға ие болды.

Жаттықтырушылары Еркебұлан Тұрсынбаев, Абдырахим Алекенов, Тәжім Қайырбек.
Жалпы командалық есепте Қандыағаш қаласының командасы І орынды иеленді.

Ұқсас ақпараттар

Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейкомен кездесті

admin_mugalzhar

Жалған аккаунттар мен парақшалар анықталып жатыр: «Әділет» партиясы мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar