«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай, “Есіл ерлер, Ауғанның асуында от кешкендер” атты шара өтті. Аталған басқосу жат жерде қаза болған аудан соғысының жауынгерлерін еске алудан басталды.

Еске алу шарасы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан Ауған соғысының ардагерлеріне арналып қойылған ескерткіш жанында ұйымдастырылды. Еске алуға аудан аумағындағы мекеме, кәсіпорын, білім беру ұйымдарының басшылары қатысып, марқұмдарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Әли Алтыбай сөз алып, бейбіт күнде орын алған сұм соғыстың қиын сәттерін есіне түсіріп, жауынгер қаруластары туралы ой толғады. “Нұртай” мешітінің бас имамы Асемхан Ерғазин саяси соғыстың құрбаны болған жауынгерлердің рухына құран бағыштады.

Ұқсас ақпараттар

СПОРТТЫҚ ДОДАДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

admin_mugalzhar

1 сәуірге арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

Ақтөбеде әйелінің бұрынғы қайын атасын өлтірген ер адам 18 жылға қамалды

admin_mugalzhar