«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

Облыс аумағында ауа райының күрт жылынып кетуіне байланысты 25 наурыз күні Ембі қаласының таулы аймақ бетінен және қала бойынша қар сулары жылдам еріп қала көшелерін су басқан болатын.

Туындаған мәселені шешу мақсатында «AltynEx company»,«Ембі жылу»,«Техник» мекемелерінің арнайы техникаларымен су арнасын қауіпсіз жаққа бұру бойынша тиісті жұмыстар жасалынды.

Сондай-ақ толассыз келіп жатқан ағын судың тұрғын үйлерге қауіп төндіруіне байланысты Ембі-Алтынды бағытындағы тас жолы жырылып, жол уақытша жабылды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су кіру қауіпі сейілді. Ембі қаласы бойынша коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде. Жедел штабтың мүшелері және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылуда. Жағдай толықтай бақылауда.

Ұқсас ақпараттар

АҚСУ АУЫЛЫНА ТЕЛЕМҰНАРА ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

admin_mugalzhar

ТУҒАН ЖЕРІМ ДЕЙТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ГАЗЕТ

admin_mugalzhar