«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫ «АЙБЫН» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Мұғалжарлық құтқарушы Нұрболат Тәжіғұлов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін еліміздің бір топ азаматы наградталды, соның ішінде мұғалжарлық құтқарушы марапат алды.

Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен: Мұғалжар ауданының №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты НұрболатТәжіғұлов марапатталды. Мұғалжарлық құтқарушыға марапатты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.

Батырымызды марапат алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұқсас ақпараттар

2021 жылы 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ “ЖЫРАУ ШӘЙ” БАҒДАРЛАМАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar