«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Су тасқыны болған өңір түлектеріне арнайы гранттар беріледі

Су басқан аймақтардағы мектеп түлектері үшін ҰБТ-ға тіркелу және емтиханды тапсыру мерзімі ұзартылды. Олар тестілеуді 12 шілдеге дейін тапсырады. Егер бұл балалардың ҰБТ нәтижелері төмен болса, онда қыста тапсырылған емтихан нәтижелерімен грант конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Су тасқыны болған 6 аймаққа министрлік тарапынан арнайы гранттар бөлінеді. Ол туралы арнайы пресс-конференция өткізіледі. Бұл мәселені қарастырып, министрлік, депутаттар тарапынан ұсыныстар болды. Ата-аналармен су тасқыны болған өңірлерде халықпен кездесулер болды. Оқытушылармен, оқушылармен кездесулер өткізіліп, осындай шешімдер қабылданды», – деді спикер.

Ұқсас ақпараттар

БАЛА ТУУЫНА ЖӘНЕ БАЛА КҮТІМІНЕ БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ ҚАНША?

admin_mugalzhar

«ҚОНЖАР» БАЛАЛАР ҮЙІ — ТАРИХТЫҢ АҚТАҢДАҚ БЕТІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

admin_mugalzhar