«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады. «Қазгидромет» РМК 21-23 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.

«Атмосфералық фронттардың әсерінен облыстарда найзағай ойнайды, бұршақ пен жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек батыста жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтап, түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

Оңтүстік-батыс ағындары мамыр айында күндізгі температураның көтерілуіне ықпал етеді.

«Батыс, оңтүстік аймақтарда 18-28 градусқп дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градусқа дейін жоғарылайды. Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде 7 градусқа дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

 

Ұқсас ақпараттар

ЗАРЕГИСТРИРОВАНО 64 НОВЫХ СЛУЧАЯ

admin_mugalzhar

Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау және метрология саласындағы іс-қимыл жоспарын мақұлдады

admin_mugalzhar

Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиададан 33 медаль жеңіп алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.