«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Бұхарбаевтың бұйрығымен Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы болып, конкурстық комиссияның ұсынысымен Дәулет Алмасұлы Серікбаев тағайындалды.
Дәулет Серікбаев 1998 жылы Ембі қаласында дүниеге келген. Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжін «Драма театр әртісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2019 жылы Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында бастаған. Әр жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінде әдіскер-ұйымдастырушы, Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде, Мұғалжар аудандық жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықта, Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығында қызмет атқарды.

Ұқсас ақпараттар

Ел дамуының өзекті бағыттары айтылды

admin_mugalzhar

Футбол: Бүгін Еуропа біріншілігі басталады

admin_mugalzhar

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Бұқара-Орал» магистралды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен және «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысты

admin_mugalzhar