«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 511 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

Аудан аумағындағы білім беру ұйымдарында мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау салтанаты өтті.
Биылғы оқу жылын аудан бойынша жалпы саны 511 түлек аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Оның 497-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Мектеп бітірушілердің ішінде 27 оқушы «Алтын белгіге», 74 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Қандыағаш қаласы бойынша №1 ЖББОМ-ін 44 түлек бітіріп шықты. Олардың алтауы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ал №4 ЖББОМ-ін 57 түлек аяқтады. Оның екеуі «Алтын белгіге», біреуі «Үздік аттестатқа» үміткер. №3 мектеп-гимназиясын бітірген 83 түлектің төртеуі «Алтын белгіден», үшеуі «Үздік аттестаттан» үмітті. №5 ЖББОМ-ін бітірген 54 түлектің алтауы «Алтын белгіге», жетеуі «Үздік аттестатқа», ал №2 ЖББОМ-ін аяқтаған 62 оқушының екеуі «Алтын белгіге», үшеуі «Үздік аттестатқа» үміткер.

 

Ұқсас ақпараттар

«ҮЗДІК АУЛА», «ҮЗДІК КӨШЕ», «ҮЗДІК ПОДЪЕЗД» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Зейнетақы жинағын пайдаланғысы келетіндерге жағымды жаңалық

admin_mugalzhar