🔹 Мұғалжар ауданында қазіргі таңда отбасыларды баспанамен қамту мақсатында Жағабұлақ ауылында жаңа 9 үй, ал Бірлік ауылында 5 үйдің құрылыстары басталып, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
📌 54 үй бойынша мемлекет тарапынан берілетін қаражатқа аудан аумағынан сатып алатын тұрғын үйлерді қарастырып, келіссөз жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан бойынша 8 үйге барлығы 17 млн. 450 мың теңгеге жөндеу жүргізілмек.
✔️ Көктемгі су тасқыны кезінде аудан бойынша 76 тұрғын үйге, 8 шаруа қожалығына, 3 коммерциялық нысанға зиян келген. Су тасқынынан зардап шеккен 72 үйдің иелеріне 26 млн. 582 мың 400 теңге көлемінде біржолғы төлемақы төленді.
✔️ Мал шығыны бойынша 1 шаруа қожалығының иесі мен 5 жеке тұлғаға барлығы 17 бас малға 6 млн 320 мың теңге төленді.