«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЗЫҚСЫЗ АТЫЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Жем қалалық кітапханасында 31 мамыр куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Жазықсыз атылғандар” тақырыбында тарихи экскурсия болып өтті.

Кітапханашы Наталья Лемежис аталған шараның мақсаты – кітапхана оқырмандарына ел басына туған нәубеттің зардаптары, жазықсыз жапа шеккендердің тағдыры жайында мәлімет беру екенін айтты. Шара барысында кеш қонақтарына саяси қуғын-сүргінге ұшыраған алаш азаматтары жөнінде кеңінен мәлімет берілді. Сонымен бірге кітапхананың тұрақты оқырмандары А.Рахметова Жайлыбайұлының «Қара орамал» поэмасынанмәнерлепүзіндіоқыса, А.Темірханова репрессияға ұшырап, ақталған атасы туралы айтып берді.

Ұқсас ақпараттар

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) өкілдері Конституциялық реформаға арналған талқылау өткізді

admin_mugalzhar

Енді жеке меншік мектептерде оқитын осал отбасылардың балалары да әлеуметтік көмек алады

admin_mugalzhar

Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталының тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды

admin_mugalzhar