«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘКЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі — Әкелер күні мерекесі ретінде белгіленді. Мереке қарсаңында Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қарасай Омаров спорттық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүрген спорт мектебінің тәрбиеленушілерінің әкелерін қабылдап құрмет көрсетті.

Қабылдауға дзюдо күресінен жастар арасында Азия чемпионы Алмат Әділеттің әкесі Жандильдин Жанат, дзюдо күресінен облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері Боранбай Әминаның әкесі Романкулов Жолтай және қол добынан облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері Кадіржанова Альмираның әкесі Асылан Балгазин шақыртылды.

Кездесуде мектеп директоры Қарасай Омаров жоғарыда аталған спортшылардың жеткен жетістіктері спорт мектебі үшін үлкен мақтаныш екенін атап, кәсіподақ ұйымының атынан болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылардың әкелеріне Алғыс хат және естелік сыйлықтарды табыстады.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІДЕ ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

admin_mugalzhar

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ШУ: 452 180 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

Жан-Клод Ван Дамм Африка елінің дипломаты болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.