«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДЗЮДОДАН ТУРНИР ӨТУДЕ

Бүгін Қандыағаш қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан Ауған соғысы жауынгерлерін еске алу турнирі өтуде. Додалы спорт шарасының ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, Ауған соғысының ардагерлері және өмірден өткен жауынгерлердің жұбайлары қатысты.

Шараның шымылдығы ҚР Гимнімен ашылды. Турнирге қатысқан аудан басшысы бүгінгі бейбіт заман үшін жауынгерлерге рахметін айтып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Марқұм болған жауынгерлердің рухына “Нұртай” мешітінің бас имамы Мұхамбетисмаил Шадман құран бағыштады.
Жарысқа жалпы саны сегіз команда қатысуда. Олар — Атырау, Маңғыстау облыстары, Байғанин, Шалқар, Әйтеке би аудандары және Ембі, Ақтөбе, Қандыағаш қалаларының командалары.

Ұқсас ақпараттар

eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды

admin_mugalzhar

Қазақстанда ет өндірісі артып келеді: саладағы соңғы көрсеткіштер

admin_mugalzhar

ЕҢБЕК: НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.