«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Самара-Шымкент» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды

Жаңа автомобиль жолын салу жұмыстары Ақжар және Жазық (Просторное) ауылдары аумағында басталды. Құрылысшылар «Самара-Шымкент» тасжолының 791-819 шақырым аралығын салады, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асхат Шахаров «Қазавтожол» мекемесінің Ақтөбедегі өкілдері және «Сине Мидас Строй» ЖШС мердігер ұйымымен кездесіп, жұмыс барысын көрді.

Қысқы мерзімді қоспағанда, 34 айдың ішінде халықаралық маңызы бар 28 шақырым жол қайта жаңғыртылады. «Сине Мидас Строй» ЖШС жолдың жер төсемін салу және нығыздауға кірісті. Алты карьер дайындалған: бес топырақты және бір қиыршық тас шығаратын. Құрылыс бригадалары екі ауысымда жұмыс істеуде.

«Учаскеде 89 бірлік техника және 120 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмысты жеделдету үшін қосымша техника мен жұмысшыларды тартамыз. Биылғы жылы барлық жер жұмыстарын аяқтауды, сондай-ақ жол бойында еріген қар суын өткізетін құбырларды салуды жоспарлап отырмыз. Бұл учаскеде 2 көпір, 2 көпір өткелі болады. Оның біреуі Тассай ауылының тұсында салынады. Жоба бойынша 39 құбыр тартылады, 16 қиылыс, бір демалыс аймағы болады, 4 автобус аялдамасын орнату қарастырылған», – деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Айбол Данағұл.

Айта кету керек, «Самара-Шымкент» трассасын қайта жаңарту екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде жаңа автожолдың құрылысы басталды, екінші кезеңде қолданыстағы ескі тас жолды жаңартуға кіріседі. Жұмыстар трассаның жеті учаскесінде жүргізілетін болады. Жоба 2028 жылға дейін есептелген. 2024 жылы істелетін жұмыстарға республикалық бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді. Авторлық қадағалауды Алматы инженерлік орталығы, ал техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС мекемесі жүзеге асырады.

Облыс әкімі күре жолдағы жұмыстарды қарап шығып, қайта жаңғырту мерзімін сақтауды, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

БҮГІН БІЗДІҢ МЕРЕКЕ

admin_mugalzhar

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

DARA BALA ДАНА БАЛА ҚЫЛА МА?..

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.