«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

BI Group Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер сатып алды

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 15 отбасы BI Group құрылыс компаниясы сатып алып берген пәтерлердің кілттерін алды, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Біз адамдардың жайлы пәтерлерде жаңа өмір бастай алатынына қуаныштымыз. Сонымен қатар, біздің компания облыстың Мұғалжар, Әйтеке би және Темір аудандарында 60-қа жуық тұрғын үйдің құрылысын инвестициялады. Олардың барлығы күн салқындағанға дейін тапсырылады. Сонымен қатар, BI Group зардап шеккен отбасылардан шыққан 500 баланың Ақтөбе облысының білім басқармасы ұйымдастыруымен сауықтыру лагерлеріне жіберуге ұйытқы болды. Ол үшін холдинг 12,7 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Осы мақсаттардың барлығына біз шамамен 2 млрд теңге бөлдік», – деді BI Group жобаларының директоры Руслан Мергалимов.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында құрылыс компаниясы су тасқыны салдарын жоюға 5 млрд теңге бөлу туралы шешімін жариялады. BI Group алғашқылардың бірі болып жергілікті тұрғындарға көмек көрсетіп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЛА КҮНІНЕ ТАРТУЫ

admin_mugalzhar

Ряд поездов могут задержать из-за взрывов в Жамбылской области

admin_mugalzhar

ЖАЙДАРМАН ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.