«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Париж-2024: Қазақстанның Туын кімдер алып шығады?

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Азат Имашев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Париж Олимпиадасы салтанатында Қазақстанның Туын алып шығу міндеті боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға табысталған.

Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл). Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады.

Сафронова Азия чемпионатында (2017) және Азия ойындарында (2014) жеңіске жеткен. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бақ сынаған.

Еске салайық, Париж Олимпиадасы осы айдың 26-сы басталады. Еліміздің еншісінде 25 спорт түрінен 88 жолдама бар.

Ұқсас ақпараттар

Жақсы өнім алуға мүмкіндік бар

admin_mugalzhar

«Ақтөбе жастары» бойынша өтініш қабылдау басталды

admin_mugalzhar

Зарина РАХМЕТОВА: АУДИТОРИЯДА ОТЫРАР КҮНДІ АСЫҒА КҮТІП ЖҮРМІН

admin_mugalzhar