«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

2024 жылғы 7 шілдеде Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы әкімінің сайлауы өтті. Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 шілдедегі шешімі негізінде Аққайыр Қазбек Тулеуханұлы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының әкімі болып тіркелді.

Қазбек Тулеуханұлы 1986 жылы Талдысай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын мұнай саласынан бастаған. 2008-2018 жылдары мұнай саласында әр түрлі басшылықта қызмет атқарған.

2018-2022 жылдары Талдысай ауылдық округінің әкімі, 2022-2023 жылдары Мұғалжар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Осы қызметке дейін Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау бөлімінің бас инспекторы болып еңбек етті.

Аудан басшысы жаңадан тағайындалған Қазбек Тулеуханұлының жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: 37 МЕКТЕП, 1573 МҰҒАЛІМ, 12777 ОҚУШЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

admin_mugalzhar

206,2 ТЫС ТОНН КОРМОВ ЗАГОТОВЛЕНО В МУГАЛЖАРСКОМ РАЙОНЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.