«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАНУДА

Аудан әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар жасалуда. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мамандары хабарлады.

Бүгінгі таңда аудан бойынша жалпы саны 200-ден астам азық-түлік дүкені бар. Жергілікті жердегі мониторингтік топ мүшелері аталған дүкендерге айына екі мәрте мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады. Сонымен бірге барлық қала және ауылдық округтердегі азық-түлік дүкендерімен 2024 жылға меморандумға отыру үшін аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратовтың атынан хат жазылған.
Мониторинг «FSMex-pert» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде жүргізіледі. Мониторингтік топ мүшелері облыстық басқармамен бекітілген Қандыағаш қаласында орналасқан 3 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылатын дүкендерге аптасына екі мәрте барып, бағаға бағдар жасайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету, бағаны тұрақтандыру мақсатында ауданда әр сенбі, жексенбі сайын ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен жәрмеңке өткізіледі. Жыл басынан бері аудан орталығында 4 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде негізінен ет және сүт, көкөніс т.б. өнімдері халыққа нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылуда, — деді ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бө-лімінің сектор меңгерушісі Нұрсұлтан Тайтақов.

Ұқсас ақпараттар

10 460 БАЛАҒА МАНТУ СЫНАМАСЫ ҚОЙЫЛДЫ

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан»: «Таза аула – аға ұрпаққа қамқорлық»

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

admin_mugalzhar